Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

CHAMPIONDAR LIGALARY: 2-КҮННІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында республикалық Championdar Ligalary жарысының 2-туры өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін, 2-жарыс күні 15 жастағы палуандар өздерінің алғашқы ірі жарысында сынға түсіп, тәжірибе жинай түсті. Атап айтар болсақ, грек-рим және еркін күрестен 4 салмақта, қазақ қазақ күресінен 3, дзюдодан 5 салмақта.

Жүлдегерлерді әлем чемпионатының күміс медалисі Дәулет Ниязбеков (еркін күрес лигасының жетекшісі), Азия чемпионатының 4 дүркін жүлдегері Елдос Жұмақанов (дзюдо лигасының жетекшісі), Жандос Қоныспаев марапаттады.

2-күннің жүлдегерлерін мына жерден көре аласыздар.

Айта кетейік, ертең 2-турдың соңғы күні. Сосын, келесі кезең қарашада, IV тур желтоқсанда Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.