Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

WKF КАРАТЭДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ҚАЗАҚСТАН ҮЗДІК 8 КОМАНДАНЫҢ АРАСЫНДА

Ұқсас жаңалықтар

Испанияның Памплона қаласында WKF каратэден әлем кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыс ката мен кумите бағдарламасынан бөлек өтетін командалық әлем чемпионатының алғашқысы саналады. Додаға 5 құрлықтан 43 мемлекеттің татами шеберлері жолдама алған.

Кумитеден Қазақстан ерлер командасы әуелі топтық кезеңде АҚШ, Грекиямен 2 рет, сосын Франциямен сынға түсті.

Ал ширек финалда былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мысырдан 1-3 есебімен жеңіліп, үздік 8 құраманың қатарында жарысты аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы биыл қыркүйекте Ханчжоу қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, Әлем Кубогына жолдама алған. 

Әлем чемпионаты ертең мәресіне жетеді. Ерлер арасында Иран, Жапония, Италия мен Мысыр бас жүлдеге таласады.