Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСАТЫН КАРАТЭШІЛЕР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Биыл жазда Қытайдың Чэнду қаласында өтетін XII Дүниежүзілік ойындарда (The World Games) ел намысын қорғайтын каратэшілер анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл қатардағы отандастарымыз:

Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг), Әсел Қанай (-61 кг), Софья Берульцева (+68 кг), Қайсар Алпысбай (-60 кг), Дидар Әмірәлі (-67 кг), Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)

Бұл кешенді жарысқа үздіктердің-үздігі жолдама алды. Барлығы Чэндуда таңдаулы 96 каратэші жүлдеге таласады. Олар әлем чемпионаты және рейтинг нәтижесінде іріктелді. Каратэден жарыс 8-9 тамызға жоспарланған.

Еске сала кетейік, осыған дейінгі Дүниежүзілік ойын 2022 жылы АҚШ-тың Бирмингем қаласында өтіп, Қазақстан 4 медаль (1 алтын, 2 күміс, 1 қола) жеңіп алған. Нәтижесінде делегация Португалиямен бірдей көрсеткіш көрсетіп, жалпы есепе 37-сатыға тұрақтады. Алтынды Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) жеңіп алған.