Бүгін Денис Никиша Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама көшбасшысы 500 метрге жарыстың финалында тек Олимпиаданың 3 дүркін жүлдегері Стивен Дюбуаға (Канада) есе жіберді. Үздік үштікті Польша спортшысы Михал Невински түйіндеді.
Осымен Гданьск қаласындағы кезең мәресіне жетті.
Суреттің авторы - Сали Сабиров.