Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық құрама спортшысы Дэйзи Джепкемей Париж Олимпиадасында 10 шақырымға жүгірудің финалында 17-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Оның уақыт көрсеткіші – 31 минут, 26.6 секунд. Айта кетейік, Дейзидің осы қашықтықтағы ең жақсы нәтижесі 30:52.43 секунд.

Мұнда Парижде 5 мың метрге жүгіруде топ жарған Беатрис Чебет (Кения) алтыннан алқа тақты. Күміс Еуропа чемпионы Надя Баттоклеттидің (Италия) еншісінде. Үздік үштікті Токио Олимпиадасының 2 дүркін чемпионы Сифан Хассан (Нидерланд) түйіндеді.

Барлығы финада 25 атлет жарыс жолына шығып, үшеуі мәреге жете алған жоқ.

Фото: Сали Сабиров.