Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ДІНМҰХАММЕД РАЙЫМҚҰЛ МЕН АЯНА ЖОЛДАС ИТАЛИЯДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА СЫНҒА ТҮСТІ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Италияның Ливиньо қаласында фристайлдан осы маусымдағы соңғы әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Акробатика бағдарламасында Ұлттық құрама сапынан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Дінмұхаммед Райымқұл мен Харбиндегі қысқы Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Аяна Жолдас сынға түсті.

Дінмұхаммед іріктеуде жаттығуы үшін төрешілерден 100.84 балл алып, 13-орынға тұрақтады. Отандасымыздың финалға шығуына (TOP-12) бір саты жетпей қалды.

Ал Аяна іріктеуде 67.09 балл жинап, жалпы есепте 15-сатыға тұрақтады. Осымен Италиядағы әлем кубогы мәресіне жетті.