Грек-рим күресінен палуанымыз Досжан Өтепқалиев (60 кг) Тиранадағы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол 2-белдесуінде қытайлық спортшыны таза жықты. Енді Досжан грузиялық Придон Абдуладземен таласқа түседі.
Алғашқы айналымда Ұлттық құрама спортшысы Сауд Арабиясының атлетін айқын басымдықпен жеңген.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.