Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Эдуард Ещенко Париж Олимпиадасының жолдамасын алды

Ұқсас жаңалықтар

Стенд атудан Ұлттық құрама көшбасшысы Эдуард Ещенко Қатар астанасы Дохада Париж Олимпиадасының лицензиясына иелік етті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол скит бағдарламасында жекелей сында финалға жетіп, үздік үштікке ілікті. Эдуард алтын және күміс жүлдегер атанған спортшыдан тек 1 ұпай қалып кетті (35 ұпай).

Бұл стенд ату шеберлерінің 2-ші жолдамасы. Осыған дейін трап жаттығуында Мария Дмитриенко командаға лицензия сыйлаған. Айта кетейік, нысана көздеуде жолдама спортшының жеке өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі.

Қазір Қазақстан қоржынында жазғы ойындардың 49 жолдамасы бар.

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.