30.07.2025 | 13:38

ЕЛОРДАДА ТАЕКВОНДОДАН (WT) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ KAZAKHSTAN OPEN ТУРНИРІ ӨТЕДІ

Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 14–16 тамыз күндері таеквондодан (WT) жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтингілік турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әлемдік додаға Ауғанстан, Армения, Канада, Франция, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Оман, Люксембург, Марокко, Непал, Пәкістан, Палестина, Қытай, Сауд Арабиясы, Түркия, Тунис, Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ елдері және бейтарап мемлекеттен (AIN) 750-ге жуық спортшы бақ сынайды. 

Аталмыш шараға Дүниежүзілік таеквондо федерациясының президенті доктор Чунгвон Чо, Азия таеквондо одағының президенті мен World Taekwondo кеңесінің мүшелері қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 15 808 000 теңгені құрайды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес