Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ЕЛЖАНА ТАНИЕВА ҮШІН ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық құрама спортшысы Елжана Таниева Париж Олимпиадасында көркем гимнастикадан жарысты бастады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз көпсайысты шығыршықтағы жаттығумен бастап, 30.750 ұпай алды. Қазір отандасымыз 8-орынға тұрақтады.

Енді ол екінші мүмкіндігінде доппен, сосын ұршық және лентамен өнер көрсетеді.

Айта кетейік, бүгін іріктеудің нәтижесінде 24 гимнастың арасынан финалға шыққан үздік оны анықталады. 

Фото: Сали Сабиров.