Бүгін Иордания астанасы Амманда еркін күрестен Азия чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Назарыңызға нәтижесін ұсынамыз:
57 кг, іріктеу – Рахат Қалжан – Жеонг Ан (Оңтүстік Корея)
61 кг, ширек финал – Мұхамед Балғабай – Жамшид Шафаров (Тәжікстан) немесе Ванхао Зу (Қытай)
65 кг, 1/8 айналым – Нұрсұлтан Садық – Жунсик Юн (Оңтүстік Корея)
70 кг, іріктеу – Начын Куулар – Ерназар Ахматалиев (Қырғызстан)
74 кг, 1/8 айналым – Нұрқожа Қайпанов – Магомедрасул Аслуев (Бахрейн)
79 кг, ширек финал – Дәулет Ергеш – Какамират Аширов (Түркменстан) немесе Махди Мұхаммед Юсефихаджав (Иран)
86 кг, ширек финал – Болат Сақаев – Батбилгун Наадамбат (Моңғолия) немесе Салимжони Халимзода (Тәжікстан)
92 кг, ширек финал – Азамат Дәулетбеков – Лин Зушен (Қытай)
97 кг, іріктеу– Ризабек Айтмұхан – Мұхамед Рудансиах (Индонезия)
125 кг, іріктеу – Нұрсұлтан Азов – Таики Ямамото (Жапония)
Ертең 57, 65, 70, 79, 97 кг дейінгі салмақтағы үздіктер анықталады. Қалған 5 салмақтағылар 30 наурызда бозкілемге шығады. Азия чемпионатын елімізде Qazsport пен Sport + телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.