Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ФРИСТАЙЛ-МОГУЛ: ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2 СПОРТШЫМЫЗ ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Финляндияның Рука курортында фристайл-могулдан Әлем Кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз Юлия Галышева, Аяулым Әмренова мен Анастасия Городко іріктеуде үздік 16 спортшының қатарына қосылып, шешуші кезеңге жолдама алды.

Кейін жалпы есепте Анастасия Городко 7-ші орынға тұрақтаса, команда көшбасшысы Юлия Галышева 8-ші, Аяулым Әмренова 12-сатыға табан тіреді.

Финал-1 (TОП-16):

Анастасия Городко – 71.44 ұпай

Юлия Галышева – 71.37 ұпай

Аяулым Әмренова – 69.40 ұпай (бүгін туған күні)

Бүгін барлығы жарыс жолына 37 спортшы шықты. Рукадағы жарыс нәтижесінде Анастасияға 7-орын үшін FIS рейтингінде 360 ұпай, Юлияға 320, ал Аяулымға 220 балл қосылды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.