Нариман Курбанов Сингапурда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 10-шы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Отандасымыз бүгін ат снарядындағы жаттығуда қарсылас шақ келтірген жоқ.
Ал тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин еркін жаттығуда іріктеуден сүрінбей өтіп, финалда 2-нəтиже көрсетті.
Қазір Қазақстан қоржынында 3 медаль бар. Бірнеше күн бұрын Ұлттық құрама командалар арасындағы сайыста қола жүлдеге қол жеткізген. Тұғыр сатысына көтерілген қазақстандық гимнастар күзде Бельгияда өтетін əлем чемпионатына жолдама алды.
