24.03.2025 | 21:48
Бөлісу:
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ
Ертең Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады. Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері шығады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
55 кг, іріктеу: Ербол Камалиев – Мұстафа Сұлтан Алхаде (Иордания)
60 кг, іріктеу: Бақытжан Қабдыл – Каито Инаба (Жапония)
63 кг, іріктеу: Сұлтан Әсетұлы – Умеш (Үндістан)
67 кг, іріктеу: Мейіржан Шермахамбет – Мин Сун Квон (Оңтүстік Корея)
72 кг: Әділхан Сатоев – Ырыскелді Хамзаев (Қырғызстан)
77 кг: Ибраһим Магомадов – Довон Ли (Оңтүстік Корея)
82 кг: Омар Сатаев – Босён Кан (Оңтүстік Корея)
87 кг: Шамиль Ожаев – Асан Жанышев (Қырғызстан)
97 кг: Ілияс Гучигов – Нитеш (Үндістан)
130 кг, ширек финал: Әлімхан Сыздықов – Прем (Үндістан)/ Әли Талиб Әл-Шарии (Ирак)
Айта кетейік, ертең бозкілемге 55, 63, 77, 87, 130 кг салмақтағы палуандар шығып, күреседі. Ал одан кейін 60, 67, 72, 82 мен 97 кг салмақтағы спортшылар кім мықтыны анықтайды. Елімізде Qazsport пен Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: