Қарағанды қаласында күрестен 23 жасқа дейінгі палуандар арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Алғашқы жарыс күні грек-рим күресінің шеберлері 5 салмақта жүлделерді сарапқа салды.
Назарыңызға чемпиондарды ұсынамыз:
55 кг – Ерасыл Мамырбеков (Шымкент қаласы)
63 кг – Ондасын Хамитов (Шымкент қаласы)
72 кг – Мерей Мәулітханов (Астана қаласы)
82 кг – Диас Қалтай (Жетісу облысы)
97 кг – Юсуф Мациев (Қостанай облысы)
Бүгін, 4 сәуірде грек-рим күресінен 60, 67, 77, 87, 130 кг салмақтағы белдесулер өтеді. Айта кетейік, Sport+Qazaqstan арнасы чеммпионатты тікелей эфирде көрсетеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.