27.05.2025 | 15:28

ГУМИДЕГІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БІРІНШІ ЖАРЫС КҮНІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан 26-шы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аталмыш дода 27 мен 31 мамыр аралығында өтеді. Сондай-ақ бүгін Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы жүлде түсті. Ясмина Токсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте мәреге үшінші болып келіп, ел қоржынына алғашқы қола медальді салды. Ол 1:32.15 уақытымен жеке рекордын жаңартты. Дәл осы бағдарламада ерлер арасында Георгий Шейко сегізінші сатыға тұрақтады.

Чемпионаттың бірінші күні жарыс жолына сегіз қазақ спортшы шықты:

Максим Фроловский (1500 метрге жүгіру);

Эльнор Мухитдинов (400 метрге жүгіру);

Александра Залюбовская (400 метрге жүгіруде жеке рекордын тіркеп, 4-орын алды);

Виктория Ан (400 метрге жүгіру);

Ольга Сафронова (100 метрге жүгіру);

Мария Ефремова (үш қарғып секіру – 6-шы орын);

Алмат Төлебаев (100 метр);

Виталий Земс (100 метр, жартылай финалға өтті).

Ертең, 28 мамырда отандастарымыз он түрлі бағдарламада бақ сынайды. Жарысқа қатысатындар қатарында:

Зелимхан Насыров (ұзындыққа секіру);

Давид Ефремов (110 метрге кедергілермен жүгіру);

Юлия Башманова (100 метрге кедергілермен жүгіру);

Аралас эстафета қатысушылары: Кристина Кондрашова, Виктория Ан, Александра Залюбовская, Эльнор Мухитдинов, Андрей Соколов және Дмитрий Коблов; Ольга Сафронова (100 метр); Эльнор Мухитдинов (400 метр); Александра Залюбовская мен Виктория Ан (400 метр); Максим Фроловский (1500 метр); Виталий Земс пен Алмат Төлебаев (100 метр).

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес