Бүгін Таиланд астанасы Бангкокта жеңіл атлетикадан өтіп жатқан 25-ші Азия чемпионатында отандасымыз Иван Иванов қола жүлде иеленді. Ол ядроны 19 метр 87 сантиметрге лақтырып, үздік үштікті түйіндеді.
Бұл сында үндістандық атлет Сингх Тур Таджиндерпал чемпион атанса (20,23 метр), күміс жүлде Иран спортшысы Сабери Мехдиге (19,98 метр) бұйырды.