14.09.2025 | 20:49
Бөлісу:
КАМИЛЬ КУРУГЛИЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІ ҮШІН ТАЛАСҚА ҚОСЫЛДЫ
Еркін күрестен Ұлттық құрама спортшысы Камиль Куруглиев (-92 кг) Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатының жұбаныш кезеңінде бақ сынайды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ширек финалда отандасымызды жеңген Аманула Гаджимагомедов (UWW) ирандық Амирхосейн Биглар Фиразпурдан басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды. Осылайша, Куруглиев 3-орынға таласады.

Жұбаныш белдесулері ертең Астана уақытымен күндіз өтеді. Біздің спортшының қарсыласы - Бенжамин Конрад Хонис (Италия).
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
КАМИЛЬ КУРУГЛИЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛІ ҮШІН КҮРЕСЕДІ
НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІ ҮШІН КҮРЕСЕДІ