21.05.2025 | 16:31

КАРАТЭДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА АНЫҚТАЛДЫ

Каратэден (WKF) Қазақстан құрамасы Түркістан облысындағы ALMA-TAU базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бірер күннен кейін спортшылар Ташкенттегі Азия чемпионатына аттанады. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, бас бапкер Дархан Асаділов жасақтаған команда тізімін назарыңызға ұсынамыз:

Әйелдер, кумите:

Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг)

Айшабибі Шарахан (-55 кг),

Әсел Қанай (-61 кг),

Дайяна Даренская (-68 кг),

Софья Берульцева (+68 кг)

Кумитеден Қазақстан әйелдер құрамасы: Софья Берульцева, Әсел Қанай, Нұрия Тізімбай, Дайяна Даренская, Николь Ценгель.

Ерлер, кумите:

Жоламан Биғабыл (-55 кг),

Нұрбек Кенжебай (-60 кг)

Еркінбек Байтореев (-67 кг),

Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг),

Данияр Юлдашев (-84 кг)

Диас Ұлбек (+84 кг)

Кумитеден Қазақстан ерлер құрамасы: Дидар Әмірәлі, Нұрқанат Әжіқанов, Әбілмансұр Батырғали, Шыңғыс Тайлиев, Никита Тарнакин, Данияр Юлдашев, Ғалым Асылхан, Диас Анарбеков.

Ката, жекелей сын: Мәди Катешов, Владлена Сигалова.

Катадан Қазақстан әйелдер құрамасы: Сабрина Имамадиева, Дильорам Курбанова, Әсел Жандарбек, Баян Жарылқасын.

Бұл қатарда Софья Берульцева Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Дүниежүзілік ойындардың және жазғы Азия ойындарының жеңімпазы;

Мөлдір Жаңбырбай қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы;

Данияр Юлдашев, Нұрқанат Әжіқанов, Дидар Әмірәлі, Әсел Қанай, Гүлмира Үсенова жазғы Азия ойындарының жеңімпазы және жүлдегерлері;

Биыл 23-25 мамыр аралығында өтетін сары құрлық чемпионатында 29 мемлекеттің таудаулы 421 спортшысы жүлдеге таласады. Жалпы Өзбекстан астанасы Ташкент осыған дейін каратэден сары құрлық чемпионатын 3 рет қабылдаған. Біздің Ұлттық құраманың нәтижесі:

2022 жыл  2 алтын, 4 күміс, 2 қола (жалпы есепте 3-орын)

2019 жыл 1 алтын, 2 күміс (5-орын)

2012 жыл 1 алтын 3 күміс 2 қола (4-орын)

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес