Бүгін Ақтау қаласында ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биыл бәсекеге 400-ге жуық каратэші қатысып жатыр. Бұл рекорд.
Чемпионатты сөз сөйлеп, ашық деп жариялаған соң Қазақстан каратэ федерациясының вице-президенті Болат Хавлахат бірнеше азаматқа 5-ші дан қара белбеу табыстады. Атап айтқар болсақ, олар - Маңғыстау облысы каратэ федерациясының президенті Бекмұрат Жүсіпов пен спорт ардагері Серік Қанат.

Сонымен қатар ашылу рәсіміне Қазақстан каратэ федерациясының бас хатшысы Асқар Молдағали, каратэден ҚР-ның Мемлекеттік жаттықтырушысы Майя Баймағанбетова қатысты.

Бүгін Қазақстан чемпионатында барлық бағдарлама мен салмақта финалистер анықталады. Ертең ақтық айқастар өтеді.
Ертең чемпионатты Sport+Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Фото: Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі/Шамкен Байырбек.