Бүгін Беларусь Республикасының Жлобин қаласында самбо мен WKF каратэден ТМД елдерінің II ойындары аяқталды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыстың 2-күні каратэші Николь Ценгель (-61 кг) мен Лаура Әліқұл (-68 кг) өз салмағында барлық қарсыласты ұтып, алтыннан алқа тақты.

Осыдан кейін самбошылардан Арайлым Әбенова (+80 кг) күміс медаль алса, Азман Амаева (80 кг), Аружан Сатова (65 кг), Гүлдана Әлмұхамбетова (54 кг) қола медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ бүгін Гродно қаласында көгалдағы хоккейден барлық жүлдегер белгілі болды. Мұнда Қазақстан ерлер құрамасы 3-ші орын үшін матчта Беларусь-2 құрамасын 4:3 есебімен жеңсе, еліміздің әйелдер құрамасы Ресей спортшыларымен негізгі уақытта тең түсіп (3:3), булиттер сериясында қарсыласынан үстем болып, қола жүлдеге қол созды.


