Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Каратэшілер Ванкуверде 3 медальге қол жеткізді

Ұқсас жаңалықтар

Канаданың Ванкувер қаласында WKF каратэден Karate1 Series A санатындағы халықаралык турнир өтті. Бұл бəсекеде Ұлттық құрама спортшылары 1 күміс, 2 қола медальге қол жеткізді. 

Кумите бағдарламасында 55 кг дейінгі салмақта Гүлмира Үсенова жартылай финалда швециялық Матильда Розелинді ұтты. Алайда алтын үшін жекпе-жекте жарыс қожайыны Хана Фуртумото-Дешайеске есе жіберді.

Ал Әбілмансұр Батырғали (-75 кг) мен Нұрия Тізімбай (-68 кг) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді.

Канададағы турнирге барлығы 60-қа жуық елден 700 спортшы қатысты. Оның ішінде қазақстандықтар саны 6. Мұнда алған ұпайлар рейтингте жоғары көтеріліп, ең белді саналатын Премьер-лига жарыстарына қатысуға мүмкіндік береді.