Футзалдан Қазақстан командасы Өзбекстанда өтіп жатқан Әлем Кубогының алғашқы ойынында Испаниямен ұпай бөлісті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әндіжан қаласындағы матчтың есебі: 1-1.
Шағын футболдан 10-шы әлем чемпионатында біздің алғашқы голды Біржан Оразов салды (1-минут). Қарсыластан таразы басын Хесус Гордильо теңестірді (17-минут).

Ал Ұлттық құрама сапындағы Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Жаһангір Рашит әлем чемпионатының негізгі кезеңде алғаш рет алаңға шықты.
D тобындағы Қазақстан құрамасының қалған матчтар кестесі:
18 қыркүйек, Қазақстан - Ливия (сағат 17:30) Әндіжан қаласы
21 қыркүйек, Қазақстан - Жаңа Зеландия (сағат 17:30) Ташкент қаласы
Айта кетейік, футзалдан Әлем Кубогы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында өтеді.
Фото: ҚФФ.