Харбиндегі қысқы Азия ойындарында кёрлингтен ерлер Ұлттық құрамасы Филиппинмен ойнап, жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Есеп: 1-4. Біздің спортшылар 6-эндтен кейін 1 ұпай айырмасымен есе жіберіп жатқан. Келесі эндте Филиппин командасы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, 2 ұпайға иелік етіп, матч тағдырын шешті.
Біздің команданың құрамы: Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Ермек Мұсайынов, Арман Ирджанов.
Еске сала кетейік, кеше ерлер командасы Қытайдың Тайпейімен кездесіп, жеңіске жеткен.
Ертең ерлер құрамасы Астана уақытымен 11:00-де Оңтүстік Корея, араға бір күн салып сол уақытта Қырғызстанмен шеберлік байқасады.
Фото: Сали Сабиров.