Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

КИРИЛЛ ГЕРАСИМЕНКОНЫҢ ОЛИМПИАДАДАҒЫ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Үстел теннисінен Ұлттық команданың көшбасшысы Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасындағы бірінші ойында чилилік атлет Николас Бургоспен шеберлік байқасады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Спорттың бұл түрінен жарыс 27 шілдеде басталады. Ал 1/32 кезеңіндегі Кирилл Герасименконың алғашқы қарсыласы ITTF әлемдік рейтингінде қазір 58-орында тұр.

Барлығы ерлер арасында медаль үшін 67 спортшы сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, Кирилл Герасименко Азиядағы спортшылар арасында ең жоғары орынды иеленіп, қүрлық рейтингі арқылы лицензия жеңіп алған. Отандасымыз осыған дейін Рио-2016 және Токио-2020 Олимпиадасына қатысқан.