20.04.2025 | 17:31

КСЕНИЯ БАТАЛОВА ТАШКЕНТТЕ ЕКІНШІ ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Ат спортынан Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде Ұлттық құрама спортшысы Ксения Баталова 2-медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін ол соңғы жарыс күнінде  150 см биіктікте қорытынды гран-при бәсекесінде Ladi Di атты жылқымен жүріп өтіп, екінші күміс жүлдені еншіледі.

Бұған дейін отандасымыз N1 бағдарында 120 см кедергілерді еңсеріп, екінші орын алған.

1. Бекзод Курбанов, Өзбекстан (Matts)

2. Ксения Баталова, Қазақстан (Ladi Di )

3. Ринат Галимов, Қырғызстан (Grey-D’Argouges).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес