Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ӘЛЕМ КУБОГЫ: 3 ГИМНАСТЫМЫЗ ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Ұқсас жаңалықтар

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгінгі іріктеу нәтижесінде Ұлттық құраманың 3 гимнасты ақтық сынға жолдама алды.

Тұтқалы ат снарядында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов көш бастап тұр. Оның еншісінде 14.566 ұпай бар. Ал Зейнолла Ыдрысов 6-сатыға табан тіреп, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды (14.300 балл).

Еркін жаттығуда 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Милад Карими Осиекте 13.866 балл алды. Отандасымыз 2-орынмен ақтық сында.

Айта кетейік, ертең, 11 сәуірде де іріктеу өтеді. Содан кейінгі 2 күнге финал жоспарланған.