Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

КЁРЛИНГ: ҚАЗАҚСТАН УЭЛЬС КОМАНДАСЫН ІРІ ЕСЕППЕН ЖЕҢДІ

Ұқсас жаңалықтар

Шотландияның Абердин қаласында өтіп жатқан кёрлингтен аралас командалар арасындағы әлем чемпионаты бел ортасына жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан командасы (Абылайхан Жүзбай, Тылсымай Аллиярова, Айдос Аллияр мен Мерей Тастемір) кезекті турда Уэльс құрамасынан 10-3 есебімен басым түсті. Осылайша, біздің ойыншылар Е тобындағы 5 матчтан кейін 4 жеңіспен 1-орынды сақтап қалды. Келесі сатыдағы Швейцария командасында дәл осындай көрсеткіш.

Енді Ұлттық құрама Украина (16 қазан, сағат 20:00) және Бельгия құрамасымен (17 қазан, сағат 00:00) шеберлік байқасады. Осыдан кейін іріктеу кезеңі аяқталып, жартылай финалға шыққандар белгілі болады. Айта кетейік, Абердиндегі әлем чемпионатында барлығы 39 команда бақ сынап жатыр. Дода 19 қазанда мәресіне жетеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.