Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Лаура Әліқұл Азия ойындарының финалына шықты

Ұқсас жаңалықтар

WKF каратэден Ұлттық құрама спортшысы Лаура Әліқұл Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Лаура жартылай финалда 2 дүркін Азия чемпионы атанған Индонезия атлеті Сейко Джорджия Зефаньяны 5-1 есебімен жолда қалдырды. Оның алдында 68 келіде бақ сынайтын қазақстандық тағы бір 2 дүркін Азия чемпионы Хуонг Зи Динхты (Въетнам) 7-4 есебімен жеңген.

Алтын медаль үшін ол жарыс қожайыны, Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері Цяоцяо Лимен күш сынасады.