Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Лицензиялық турнирге баратын таеквондошылар анықталды

Ұқсас жаңалықтар

15-16 наурыз аралығында Қытай Халық Республикасының Тайань қаласында таеквондодан (WT) Париж Олимпиадасының лицензиясы сарапқа салынатын Азия құрлығының іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама сапында Мария Севостьянова (-57 кг), Жансель Дениз (+67 кг), Самирхон Абабакиров (-58 кг) және Батырхан Төлеуғали (-80 кг) төрт жылдықтың басты бәсекесіне жолдама алуға тырысады.

Айта кетейік, барлығы Париж даянгында 7-10 тамыз аралығында  Grand Palais кешенінде (Гран-Пале қазақша Үлкен сарай) 64 еркек, 64 әйел жүлдеге таласады.

Ерлер: -58 кг, 68 кг, -80 және +80 кг.

Әйелдер: -49 кг, -57 кг, -67 кг, +67 кг.