Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Мария Дмитренко Әлем Кубогында чемпион атанды

Ұқсас жаңалықтар

Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан стенд атудан Әлем Кубогында Ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Трап бағдарламасында Мария Дмитренко финалда 40 ұпай жинап, топ жарды. Ол тартысты сайыста Токио Олимпиадасының чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионы Фатима Галвез (күміс) және Токио Олимпиадасының 2 мәрте жүлдегері Алессандра Периллиден (қола) басым түсті.

Марияның Әлем Кубогындағы үздік көрсеткіштері:

2 алтын (2023, 2024 жылы);

2 күміс (2021, 2023 жылы);

3 қола (2021, 2022 жылы);

Айта кетейік, Каирдегі сында 65 елден келген 700 сұрмерген бақ сынап жатыр. Жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.