Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

МАРИЯ ДМИТРИЕНКОНЫҢ ІРІКТЕУДЕГІ НӘТИЖЕСІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Париж Олимпиадасында стенд атудың трап бағдарламадасында әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі нәтижесінде финалға шыққандар анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты  дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы Мария Дмитриенко 120 ұпаймен 10-орыннан көрінді. Өкінішке қарай, отандасымыз финалға шыға алмады. Үздік нәтиже көрсеткен 8 спортшы бүгін кешке жүлдегерлерді анықтайды.

Айта кетейік, Мария Дмитриенко осыған дейін 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада 9-орын алған.

Ертең скит жаттығуындағы іріктеу басталады.

Сурет: Сали Сабиров.