Мейрамбек Картбай (57 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 айналымында қырғыз палуаны Бекзат Алмаз уулудан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Есеп: 1-4. Бұл жұптың мықтысы енді ширек финалда АҚШ немесе Қытай спортшысымен кім мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, Мейрамбек биыл Бішкектегі Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған.
Фото: Тұрар Қазанғапов.