Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Михаил Литвин Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ұқсас жаңалықтар

Астана қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 4-жүлде түсті. Ерлер арасында 400 метрге жүгіруде қазақстандық Михаил Литвин күміс жүлдегер атанды. Ол мәреге санаулы метрлер қалғанда катарлық Аммар Исмаил Яхия Ибраһимнен қалып кетті. Қола медаль қытайлық атлетке бұйырды.

Бұл қашықтықтағы тағы бір отандасымыз Вячеслав Земс мәреге жетер тұста құлап қалды.

Қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар.