Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

МИЛАД КАРИМИ МЕН АЛТЫНХАН ТЕМІРБЕК ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде екі отандасымыз жүлде алып, керемет нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Еркін жаттығуда әлем чемпионатының қола жүлдегері Милад Карими 14.466 ұпай жинап, алтыннан алқа тақты. Ал Алтынхан Темірбек 13.633 ұпайдың арқасында күміс жүлдегер атанды. Бұл Алтынханның ересектер арасындағы әлем кубогындағы алғашқы медалі.

Үздік үштікті Сэм Мастоуфи 13.600 ұпаймен (Ұлыбритания) түйіндеді. Финалда Қытай, Жапония, Түркия спортшылары да бақ сынады.

Фото: Халықаралық гимнастика федерациясы.