Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

МИЛАД КАРИМИ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНДА ТОКИОДАҒЫ НӘТИЖЕСІН ҚАЙТАЛАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Милад Карими Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан кезекті финалда бақ сынады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Еркін жаттығудан ақтық сында отандасымыз финалда 14.500 ұпай жинап, 5-орынға ие болды. Айта кетейік, Милад бірнеше күн бұрын еркін жаттығудың іріктеуінде 14.433 ұпаймен 7-сатыға тұрақтаған.

Карими өзінің алғашқы Токиодағы Олимпиадасында кермедегі және еркін жаттығудан, жекелей көпсайыстан ақтық сынға шыққан. Ол кезде еркін жаттығуда 14.133 ұпаймен 5-орыннан көрінген.

Бүгін Карлос Юло (Филиппин) чемпион атанса, Артём Долгопят (Израиль) күміс, Джейк Джариан қолаға қол жеткізді.

Суреттер: Сали Сабиров.