Қытайдың Чэнду (Қытай) қаласында XII Дүниежүзілік ойындарда каратэден бірінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ең жеңіл салмақта (-50 кг) әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай топтық кезеңдегі 2 қарсыласын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Силия Уикен (Алжир, 21 жасқа дейінгі әлем чемпионы) - 4:0
Йоргелис Салазар (Венесуэла, 2022 жылғы Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері) - 3:0
Жунхуй Ванг (Қытай) - 0:1
Енді отандасымыз Астана уақытымен 13:55-те 2 дүркін Еуропа чемпионы Ема Сгарделлимен (Хорватия) финал жолдамасын сарапқа салады.
Фото: Сали Сабиров.