Ұлттық құрамадағы ең жас спортшының бірі Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасының 1/8 кезеңінде Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Лай Чжуэньнен 3-2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, біздің боксшы бірінші айналымда Испания өкілі Ойер Ибареччені жеңген. Ширек финал жекпе-жегі 1 тамызда өтеді. Базарбайұлы грузиялық Лаша Гурулимен жұдырықтасады.