Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Нариман Курбанов Германияның Әлем Кубогында жеңіске жетті

Ұқсас жаңалықтар

Нариман Курбанов Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы өзінің оң жамбасына келетін ат снарядындағы жаттығуда ешкімге дес бермеді. Финалда ол 15.433 балл алды. Кешегі іріктеуде Нариман 15.600 ұпай жинап, көш басына шыққан.

Айта кетейік, Нариман былтыр осы Котбустағы кезеңде қола медальге қол жеткізген

Бұл сайыста күміс Иордания атлеті Абу әл-Сауд Ахмадтың, қола медаль Оңтүстік Корея өкілі Ун Хурға бұйырды. Бұл екі спортшы 15.300 ұпайдан жинаған. Жаттығудағы күрделі элементтер Абу әл-Саудта көп болғандықтан басымдық соған берілді.