Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

НАРИМАН КУРБАНОВ ТҮРКИЯДАҒЫ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқаньспорттық гимнастикадан әлем кубогының үшінші кезеңінде командамыздың қоржынына 2 жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов тұтқалы ат снарядында жеңімпаз атанды. Оның еншісінде 14.634 балл бар. Ал күміс жүлдені ересектер арасына енді қосылып келе жатқан отандасымыз Зейнолла Ыдырысов мойнына тақты (14.300 ұпай).

Үздік үштікті әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері Ахмад Әбу әл-Саудтың (Иордания) еншісінде.

Ертең қалған жаттығулар бойынша финалдар өтеді.