Үстел теннисінен Астана қаласында басталған Азия чемпионатының алғашқы күнінде ерлер құрамасы командалық сайысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан – Солтүстік Корея 3:2
Шешуші партияда Алан Құрманғалиев 8:10 есебімен жеңіліп жатқан. Осы кезде отандасымыз жеңіске деген жігердің арқасында 12:10 есебімен басым түсті. Келесі кезеңдегі қарсыласымыз Пәкістан құрамасы болмақ.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.