Боксымыз Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының финалында Александр Хижнякқа (Украина) есе жіберіп, күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Шиеленісті өткен жекпе-жектің есебі: 2-3.
Енді Нұрбек Оралбайдың еншісінде жастар және ересектер арасындағы әлем чемпионатының алтынымен қатар Олимпиаданың күмісі жүлдесі бар.
Қазір Қазақстан делегациясында Париждегі доданың 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль болды.
Фото: Владислав Семенов.