Грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшысы Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) Париж Олимпиадасының 1/8 кезеңінде Мохамед Мұстафа Метваллимен күреседі, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бұл белдесу жеңімпазы Жан Беленюк (Украина) немесе қытайлық спортшымен сынға түседі.
Мысырлық палуан – Африка ойындарының қола жүлдегері, Африка чемпионы, Токио Олимпиадасының қатысушысы.
Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионы және 2 дүркін күміс жүлдегері.