Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

Ұқсас жаңалықтар

Нысана көздеуден аралас жұптық сында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ле Шымкент қаласында өтіп жатқан халықтың турнирде ел рекордын тіркеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама мергені 10 метрден винтовкамен оқ атуда 633.5 ұпай жинады. Осы тұста Александра биыл осыған жақын ұпайды Мюнхендегі Әлем Кубогының шешуші кезеңінде жинағанын айта кетейін (632 балл).

Ал осыған дейінгі үздік көрсеткіш Елизавета Безруковаға тиесілі болған (632.7 ұпай). Безрукова бұл нәтижені биыл наурызда Шымкентте өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында көрсеткен.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.