Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Әлем Кубогына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Ұқсас жаңалықтар

Каир қаласында (Мысыр) 24 қаңтар мен 1 ақпан аралығында стенд атудан рейтингтік Әлем Кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Дүбірлі додаға 27 мемлекеттен жиналған 300 таңдаулы мерген қатысады. Жарысқа ұлттық құрама сапында 16 спортшы сынға түседі. Бас бапкер – Сергей Колос.

Әйелдер: Әсем Орынбай, Мария Дмитриенко, Наргиза Сарманова, Анастасия Прилепина, Ольга Хасянова, Адель Садақбаева, Рината Насырова, Диана Сабекова

Ерлер: Артем Чикулаев, Максим Коломоец, Богдан Конченко, Никита Моисеев, Илья Пеньков, Ратмир Еникеев, Артем Седельников, Рахим Асади.