Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Павел Колмаков Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) өтіп жатқан әлем чемпионатында жекелей сында 9-шы орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Өзге де қазақстандық спортшылар - Антон Бондарев 25-ші, Максим Емельянов 29-шы, Федор Бугаков 30-шы сатыдан көрінді. Енді арғы күні отандастарымыз паралель могул бәсекесіне қатысады.