07.02.2025 | 09:59

ПАВЕЛ КОЛМАКОВ – ДИР-ВЭЛЛИДЕГІ ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Фристайл-могулдан көшбасшымыздың бірі Павел Колмаков АҚШ-тың Юта штатындағы Дир-Вэлли тау курортында өтіп жатқан Әлем Кубогының кезеңінде 2-орыннан көрінді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол бүгін жекелей сында ақтық сынға шығып, жаттығуы үшін 84,95 балл алды. Осылайша, Павел осы маусымда Әлем Кубогындағы алғашқы жүлдесін мойнына тақты. Ерлер арасында жапониялық Икума Хоришима топ жарды.

Қалған спортшыларымыздың нәтижесі (жекелей сын):

Анастасия Городко 12-орын

Юлия Галышева 17-орын

Аяулым Әмренова 32-орын

Фёдор Бугаков 33-орын

Антон Бондарев 36-орын

Енді ертең параллель могулдан жарыс өтеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес