Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ҚАЗАҚ ЕСКЕКШІЛЕР МИЛАНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН СӘТТІ БАСТАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Қазір Миланда байдарка мен каноэде ескек есуден 50-ші әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл додаға 70 елден 800-ден астам қатысушы жиналды. Барлығы 24 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ел намысын 11 спортшы (13 бағдарламада) қорғайды. Алғашқы күннің нәтижесінде  6 отандасымыз жартылай финалға жолдама алды:

Татьяна Токарницкая (жекелей сындағы 500 метрге байдаркада жарыс, олимпиадалық бағдарлама) – 7-ші орынмен, жартылай финалға шықты.

Стелла Суханова (1000 метрге байдаркада жекелей сын, олимпиадалық емес бағдарлама) - 3 орынмен өтті.

Сергей Емельянов (каноэде 200 метрге ескек есуде, олимпиадалық емес бағдарлама) - 2-ші орынмен жартылай финалда.

Дмитрий Холмогоров (200 метрге байдаркада жарыс, олимпиадалық емес бағдарлама) – 7-ші сатыдан көрініп, жартылай финалда. Руфина Искакова (500 метрге каноэде ескек есу, олимпиадалық емес бағдарлама) - 6-шы орын, жартылай финал.

Ерлер құрамасы, каноэ төрттік (500 м) 5-орынмен жартылай финалда. Команда сапында Тимофей Емельянов, Виктор Степанов, Ануар Алмағамбетов және Полат Төребеков өнер көрсетеді.

Жартылай финал бүгін және ертең өтеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.