Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

СЕРГЕЙ ЕМЕЛЬЯНОВ МИЛАНДА ӨТІП ЖАТҚАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Ұқсас жаңалықтар

Миланда өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден 50-ші әлем чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Сергей Емельянов жартылай финалда жекелей сында 200 метрде (каноэ) мәреге үшінші болып келіп, (С-1. олимпиадалық емес бағдарлама) ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бірінші орында испаниялық Пабло Гранья, ал екінші сатыда Польша өкілі Алексей Колядич тұр. Енді отандасымыз бүгін Астана уақытымен 21:40-та жүлдеге таласатын болады.

Әлем чемпионатының финалдық кезеңдері 24 тамызға дейін жалғасады. Барлығы 24 жиынтық жүлде сарапқа салынады.