Бүгін шахматтан Қазақстан әйелдер командасы Будапештегі Олимпиадада Грузиямен тең түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Екі команда арасындағы барлық ойын тең аяқталды (2-2). Бізден Бибісара, Алуа, Меруерт пен Ксения өнер көрсетті.
Осылайша, Қазақстан мен Үндістан әйелдер командасы 17 ұпайдан жинап, көш басында тұр. Польша мен АҚШ-та 16 ұпайдан. Армения мен Испанияда 15-тен. Біз шешуші турда АҚШ-пен ойнаймыз.